2026
жылдың 10 наурызында AIU қабырғасы ерекше мақтаныш пен қуанышқа толды.
Педагогикалық институтта магистратураның қысқы түлектеріне, яғни, жас
зерттеушілер мен педагогтарға диплом табыстау рәсімі өтті.
Магистратура
— бұл тек академиялық қажырлықты ғана емес, сонымен қатар терең ғылыми
ізденісті талап ететін маңызды белес. Биылғы түлектер үшін дипломға жолы кәсіби
қалыптасу мен озық педагогикалық әдістемелерді меңгеру кезеңі болды.
Магистранттардың ата-аналары мен отбасылары аталмыш шарада қолдау көрсетіп
келуі мерекені жылулыққа толтырғандай.
Іс-шара
шымылдығын Педагогикалық институт деканы құттықтау сөзімен ашты. Декан өз
сөзінде AIU магистрі дәрежесі — бұл болашақ ұрпақты оқытуға жауапкершілік
алудың, ғылымды дамытудың және оқу үдерісіне инновациялар енгізудің белгісі
екенін атап өтті.
Көкке
ұшқан академиялық қалпақтар жас мамандардың өміріндегі жаңа, өршіл кезеңнің
басталғанын паш еткендей. Біз магистранттарымызды оқуын сәтті аяқтауымен
құттықтаймыз! Оларға табандылық пен тллағай табыстар және білім жолында шынайы
құрметке бөленуін тілейміз.
Ақ
жол, AIU түлектері!









