БІЗДІҢ СТУДЕНТТЕР — ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНДЕ (МӘСКЕУ)

2026 ж. 30 нау., дс, 11:24

Экономика жоғары мектебінің 6B04102 «Қаржы» білім беру бағдарламасының

студенті Ешмұханов Үсен, 6B04111 «Маркетинг» білім беру бағдарламасының студенттері

Максимович Ангелина және Досмағамбетова Тамириз Ресей Федерациясының жетекші

жоғары оқу орындарының бірі — Экономика жоғары мектебінде (Мәскеу қ.) білім алып,

тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу

студенттерімізге жаңа білім беру ортасына еніп, оқытудың озық тәжірибелерімен

танысуға, сондай-ақ кәсіби және мәдениетаралық құзыреттерін кеңейтуге мүмкіндік

береді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында экономика, менеджмент және

цифрлық технологиялар саласындағы заманауи тәсілдерге ерекше назар аударылады, бұл

жаһандық еңбек нарығының негізгі трендтеріне сәйкес келеді. Мұндай бастамалар адами

капиталды дамытуға, серіктестік байланыстарды нығайтуға және ТДМ 4 «Сапалы білім»

аясында білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.

Ешмұханов Үсен атап өткендей: «Мәскеуде оқу — бұл шынымен де өте қызықты

әрі пайдалы тәжірибе. Университеттегі атмосфера алға ұмтылып, қол жеткізген

жетістіктермен шектеліп қалмауға ынталандырады. Оқытушылар диалогқа ашық және

әрдайым көмектесуге дайын. Мұндай оқу тек білім беріп қана қоймай, өз күшіңе деген

сенімді арттырады».

Студенттерімізге академиялық және ғылыми қызметтерінде алдағы уақытта да

табыс тілейміз!


130