2026
жылдың 30
наурызында AIU
университетінде «Пайдалы және пайдасыз несиелер:
қаржылық тұзаққа қалай түспеу керек?» тақырыбында танымдық шебероік
сағаты өтті. Экономика жоғары мектебінің оқытушылары
ұйымдастырған іс-шараға қаржылық сауаттылығын арттырғысы келетін 900-ге жуық студент қатысты.
Мастер-класс
университеттің студенттер арасында қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі
бастамалары және БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын: ТДМ 1 – Кедейшілікті жою және ТДМ 8 –
Лайықты жұмыс және экономикалық өсуді қолдау аясында өткізілді. Университет экономикалық
ортада бағдар таба алатын және тұрақты болашақ құра алатын мамандарды даярлау
бойынша белсенді жұмыс атқаруда.
Іс-шара
барысында оқытушылар, сарапшылар несиенің әл-ауқатқа ықпал ететінін, сондай-ақ күрделі қаржылық проблемалардың себебі бола алатынын түсіндіріп, несие берудің
негізгі аспектілерін егжей-тегжейлі қарастырды. «Пайдалы» және «пайдасыз»
несиелер арасындағы айырмашылықтар туралы маңызды мәселелер талқыланды.
Мастер-класс
соңында студенттермен алған білімдерін
бекіту үшін және әртүрлі өмірлік жағдайларда пайдалы және пайдасыз несиелерді
ажырата білу қабілеттерін тексеруге мүмкіндік беретін блиц-сауалнама
форматында интерактивті ойын өтті. Қатысушылар
талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, тақырыпқа жоғары қызығушылық
танытты.
Іс-шара
жас ұрпақ арасында жауапты қаржылық мінез-құлықты қалыптастыру жолында
маңызды қадам болды, ол қаржылық тұрақтылық пен әл-ауқатты қамтамасыз ету үшін
несие беруге мұқият қараудың маңыздылығын атап көрсетті.









