Университетте өрт қауіпсіздігі бойынша лекция өтті

2026 ж. 28 қаң., ср, 12:18

2025 жылы әлемдік өрт апаты рекордтық деңгейге жетті. Бір ғана Лос-Анджелестегі «отты дауыл» 60 миллиард доллар шығын әкелген. Өткен жылы әлемде өрт апаты мен оның салдарынан 100 миллион адам зардап шекті.

Ал оқу орындарындағы өрттердің 70%-ы техникалық ақаулық пен оны дұрыс қолдана алмаудан болады екен.

Сол себепті 2026 жылдың 23 қаңтарында университетімізде лекция ұйымдастырылды. Спикерлер ретінде «ОБЖ» ЖШС сарапшылары:

●       Мейрам Жұмабекұлы — ұйым директоры;

●       Руслан Құлмағамбетов — компания инженері шақырылды.

Кездесудің негізгі тақырыптары:

●       Антитеррорлық қорғаныс. Мейрам Жұмабекұлы қауіп кезіндегі іс-қимыл алгоритмін толық түсіндіріп, күдікті жағдайларды анықтау жолдарын сипаттап берді. Сонымен қатар полиция қызметкерлерімен өзара қатынас жасау ережелерін жеткізді.

●       Өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау. Инженер Руслан Құлмағамбетов өртсөндіргіштердің жұмысымен таныстырды. Онымен қоса өрт қауіпсіздігі нормаларын егжей-тегжейлі талдап берді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар жеке жауапкершілікті арттырудың маңыздылығын түсінді. Апат кезінде жүйелі тәсіл көрсету төтенше жағдайлар қаупін азайтады. 


1022